Дәрілік заттың тіркеу куәліктерінің әрекеті тоқтатылды

Дәрілік заттың тіркеу куәліктерінің әрекеті тоқтатылды

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті» РММ – і Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті төрағасының м.а. 2024 жылғы 30 қазандағы №465-НҚ «Хаврикс®1440 А гепатитіне қарсы белсенділігі жойылған вакцина, ересектерге арналған, инъекцияға арналған 1 доза/1мл суспензия дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» бұйрығына сәйкес:
- ГлаксоСмитКляйн Байолоджикалз с.а, Бельгия өндірушісі, «Хаврикс®1440 А гепатитіне қарсы белсенділігі жойылған вакцина, ересектерге арналған, инъекцияға арналған 1 доза/1мл суспензия» ҚР-БП-5№005901 дәрілік заттың тіркеу куәлігінің қолданылуы тоқтатылғанын назарыңызға жеткізеді.
Негіздеме: «Registrarius» ЖШС-ның 2024 жылғы 11 қазандағы №Reg/Out/8460 хаты.