Өскемен қаласында "Ecomed" клиникасының филиалы жаңа мекенжайда ашылды

Өскемен қаласында "Ecomed" клиникасының филиалы жаңа мекенжайда ашылды

Бүгін Қ. Сәтбаев даңғылы, 13Б мекенжайындағы "Ecomed" клиникасы филиалының салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараға құрметті қонақтар шақырылды: профессор, биология ғылымдарының докторы, қазақстандағы экстракорпоралдық ұрықтандыру әдісінің негізін қалаушы, "пробиркадан" алғашқы қазақстандық баланың авторы, "Ecomed" Адам репродукциясы клиникалары желісінің құрылтайшысы, ғылыми жетекшісі Салтанат Байкошкарова, "Ecomed" клиникалары желісінің бас директоры Батыр Бекмусаев, Астанадағы "Ecomed" клиникасының директоры, дәрігер-репродуктолог Алмаз Ибрагимов. Сондай-ақ шақырылғандардың қатарында- МФБК ШҚО бойынша департаментінің басшысы Алмагуль Кусатаева, бас дәрігерлер, өңірдің медициналық жұртшылығы және, әрине, көптен күткен балалары бар бақытты ата-аналар.

– 30 жыл бойы біз бедеулікті емдеуде егжей-тегжейлі тәсілмен айналысып келеміз, заманауи технологияларды енгіземіз және ЭКҰ әдісін қолжетімді етеміз. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша (барлық ірі қалаларда) 12 "Ecomed" клиникасы жұмыс істейді. Біз жергілікті жерде ең жақсы кадрларды таңдап, оларды шағын Отанымызда жұмыс істеуге дайындаймыз. Айта кетейік, сіздің Филиалыңыздың директоры Назгуль Нуркановна Махамбетова – Астанадан келген, еліміздің үздік акушер-гинекологтары мен репродуктологтарының бірі. Сондай – ақ, басқа маман-акушер – гинеколог, репродуктолог, УЗД дәрігері Гульден Жагниева Нурлановна – өз ісінің кәсіби маманы, ағылшын тілін меңгерген, шетелде оқыған, - деді Салтанат Берденқызы Байкошкарова.

Өз кезегінде Өскемендегі "Ecomed" клиникасы филиалының директоры Назгуль Махамбетова филиал жұмысының бес жылында 900-ге жуық пациент ЭКҰ бағдарламасын ақылы негізде, ал "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша 570 пациент тегін өткендігімен бөлісті. Бірақ ең үлкен жетістік – дүниеге келген 480 бала (бұл ЭКО, консервативті емдеу және жасанды ұрықтандыру процедурасы).

Өз алғыстарын білдіріп ондаған ата-аналар балаларымен бірге "Ecomed" клиникасы филиалының ашылуына дәрігерлерге тағы да алғыс айту үшін келді.

Менде АМГ төмен болды, басқа дәрігерлер "ешқашан өзің бала дүниеге әкеле алмайсың" дегенді айтты. Алайда, "Ecomed" клиникасының кәсіби мамандарының арқасында мен өмірге ұл бала дүниеге әкелдім! Бүгін ол екі жас жеті айға толды! Мен екінші рет ЭКҰ жасауға барамын,- деп Ольга Мирошниченко қуаныштан көз жасын жасырмады

- Қазір біздің басты мақсатымыз – пациенттер үшін Астанаға, Алматыға және басқа қалаларға бару қажеттілігін болдырмау, ал сол жерде экстракорпоральды ұрықтандырудың барлық кезеңдерін жүргізу үшін өзіміздің ЭКО зертханамызды ашу. Бірақ бұл үшін бізге эмбриолог кадрлар қажет. Бұл шет елдерде қайта оқыту үшін ағылшын тілін меңгерген биолог, биотехнолог, химик болуы мүмкін, - деп атап өтті Назгуль Махамбетова.

Ресми салтанатты ашылудан кейін филиал директоры қонақтарға клиникаға шолу экскурсиясын өткізді, консультативтік кабинеттерді, операциялық блокты, болашақ зертхананы және басқа да үй-жайларды көрсетті. Мереке бір жасар ағайындыларға арналған "Тұсау кесу" рәсімімен аяқталды.