Департамент басшысы Алмагуль Кусатаева облыстық әкімдік жанындағы азаматтарды қабылдау орталығында халықпен жеке кездесу өткізіп, денсаулық сақтау саласындағы сұрақтарға жауап берді.
Мәселен, өтініш берушінің сұрақтарының бірі қызметкерлердің еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақтарды берудің заңдылығына қатысты болды.
– "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексінің 273-бабының 1-тармағына сәйкес сұратылған мәліметтер мен құжаттар (дербес медициналық деректер, медициналық көмекке жүгіну фактісі, адамның денсаулық жағдайы, диагноз және оны тексеру мен емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер) медицина қызметкерінің құпиясын құрайды. Мұндай мәліметтер не пациенттің келісімімен не оның келісімінсіз кодекстің 273 – бабының 4-тармағының негізінде: анықтау және алдын ала тергеу органдарының, прокурордың, адвокаттың, соттың сұрау салуы бойынша тергеу немесе сот талқылауын жүргізуге байланысты жария етілуі мүмкін, - деп түсіндірді Алмагуль Кусатаева.
Департаментте тұрақты негізде "ашық есік күндері" өткізілетінін, сондай-ақ азаматтар Instagram арқылы немесе 8 - (7232) - 61-81-00 телефон нөмірі бойынша сұрақтармен жүгіне алатынын атап өтеміз.