Департаментте Ашық есік күні өткізілді

Департаментте Ашық есік күні өткізілді

Бүгін Департамент бөлімдерінің қызметкерлері Шугыла Абылханова, Гүлжан Сыдықова, Жансая Қайратова және басшының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға Нургуль Кунапьянова консультациялар өткізіп, медициналық және фармацевтикалық қызмет субъектілері өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, қандай да бір жағдайлар бойынша түсініктемелер берді.

    Ашық есік күніне "Зерде Фарма" ЖШС дәріхана желісінің менеджері М.Архипова, "ANSWER" қоғамдық қорының директоры Т. Мамедсупиев, "Еврофарм" ЖШС бөлшек сауда желісінің басшысы А. Хан, "Васс КЕН" ЖШС маманы И. Лопатина қатысты.

    Кездесудің барлық қатысушыларымен Нургуль Кунапьянова мемлекеттік қызметшілер тарапынан этиканы сақтау тақырыбында сауалнама жүргізді. Әңгімелесу нәтижелері бойынша қорытынды жасалды: мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Департамент мамандары тарапынан Әдеп және деонтология ережелері бұзылмайды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптары қатаң сақталады.