Департамент қызметкерлері Глубокое және Шемонаиха аудандарындағы "Васс КЕН" ЖШС медициналық пункттеріне лицензия берді

Департамент қызметкерлері Глубокое және Шемонаиха аудандарындағы "Васс КЕН" ЖШС медициналық пункттеріне лицензия берді

ҚР ДСМ МФБК ШҚО бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Ғылыммедден және бас маман Дидар Темиргалиев Березовка, Камышинка ауылдарында, Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кентінде және Глубокое ауданы Белоусовка және Алтай кенттерінде орналасқан "КЕН әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" ЖШС медициналық пункттерінде рұқсат беру бақылауын жүргізді.   

Қызметкерлер кабинеттердің қажетті медициналық бұйымдармен және жабдықтармен жарақтандырылуын, мамандардың құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды тексерді. "Васс КЕН" ЖШС басшысы Ерлан Нурбатчановпен және медицина қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді.

Рұқсат беру бақылауының қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ, медициналық пункттер біліктілік талаптарына сәйкес келеді, сондықтан қазір ересек тұрғындар үшін "физиотерапия", "дәрігерге дейінгі", "білікті", "жедел медициналық көмек" мамандықтары бойынша медициналық қызметке лицензияға қосымшасы бар.