Мемлекеттік қызметшілердің материалдық жауапкершілігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы кезекті жаппай оқытуда қаралды

Мемлекеттік қызметшілердің материалдық жауапкершілігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы кезекті жаппай оқытуда қаралды

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47 (мемлекеттік қызметшілердің залал келтіргені үшін материалдық жауапкершілігі), 51 (мүдделер қақтығысы) және 52 (мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы) - баптары бойынша түсіндіруді бас маман-заңгер Марат Жусупов түсіндірді.

Ол 47-баптың талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметші мемлекеттік органға келтірілген тікелей нақты залалды өтеуге міндетті екенін түсіндірді. Егер залал еңсерілмейтін күш не аса қажеттілік, қажетті қорғаныс, сондай-ақ мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшіге берілген мүліктің сақталуы үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі міндетті орындамауы нәтижесінде туындаса, мемлекеттік қызметшінің материалдық жауапкершілігі алып тасталады.

– 51-бапқа келетін болсақ, егер мүдделер қақтығысы болса, мемлекеттік қызметшіге лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыруға тыйым салынады. Яғни, мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, онда мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері оның өз лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін. Мемлекеттік қызметші, оның тікелей басшысы және мемлекеттік органның басшылығы мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қолданбағаны үшін тәртіптік жауаптылықта болады, – деді Марат Жусупов.

52 - баптың талаптарында: мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуге тиіс.  Өзінің іс-әрекетімен немесе әрекетсіздігімен жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындатпауға тиіс. Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық үшін негізсіз жария айып тағылған кезде, ол осындай айып табылған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға тиіс.