Самар ауданының екі ауылында медициналық пункттер ашылды

Самар ауданының екі ауылында медициналық пункттер ашылды

ШҚО бойынша ҚР ДСМ МФБКД медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Ғылыммедден және бас маман Шугыла Абылханова Самар аудандық ауруханасына жататын Шұбарқайың және Құлынжон ауылдарының екі медициналық пунктінде рұқсат беру бақылауын жүргізді.

Департамент қызметкерлері кабинеттердің қажетті медициналық бұйымдармен және жабдықтармен жарақтандырылуын, мамандар құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды тексерді. "Самар ауданының аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК бас дәрігері Ерік Зиядановпен және мекеменің медицина қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді.

Рұқсат беру бақылауының қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ: Шұбарқайың және Құлынжон ауылдарының медициналық пункттеріне ересектер мен балалар үшін "дәрігерге дейінгі" мамандығы бойынша медициналық қызметке лицензияға қосымша берілді.