Кезекті оқыту семинарында Департамент қызметкерлері "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты тыңдады.
Фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бағаларды мониторингілеу бөлімінің бас маманы Мақпал Рахимжанова барлық өзгерістер туралы айта отырып, бірнеше тармаққа тоқталып өтті.
Мәселен, 15-тармақтың жаңа редакциясында: "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету жөніндегі фармацевтикалық көрсетілетін қызметті жүзеге асыратын бөлшек саудада өткізу объектілері халықтың белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі туралы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді" деп көрсетілген.
– 16-тармақ 16-1 және 16-2-тармақшалармен толықтырылды, онда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жарамдылық мерзімі өткен немесе дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу тұтынушы жетіспеушілікті анықтау жағдайларын қоспағанда, айырбастауға және қайтаруға жатпайды. Сондай-ақ балаларға дәрілік заттар босатылмайды, - деді Мақпал Рахимжанова.
Өзгертілген 29-тармақ та маңызды: "Дәрігер жазып берген дәрілік зат болмаған жағдайда бөлшек саудада өткізу объектісінің маманы пациентке дәрігердің келісімінсіз дәрілік заттан бастап ең төмен баға бойынша ассортиментте бар халықаралық патенттелмеген атаумен дәрілік заттың аналогын ұсынады немесе емдеуші дәрігермен келісім бойынша оны фармакологиялық аналогпен ауыстыруды жүзеге асырады".
Жалпыға бірдей оқыту қорытындысы бойынша семинарда айтылған ақпаратты Департамент басшылығы мен қызметкерлері назарға алды, ал жаңа ережелер бойынша жұмыста бұзушылықтарды болдырмау бойынша жауапкершілік әрбір қызметкерге жүктелді.