
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Шығыс Қазақстан облысының бойынша Департаменті» РММ-і (ары қарай-Департамент) 2022 жылдың 1 сәуірі күні «Әдеп жөнінде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында«Шығыс адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілідерімен бірлесе келесі сұрақтар бойынша кездесу-семинарын өткізді:
1. «Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын сақтау жөніндегі негізгі талаптар туралы және сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу»;
2. «ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған тұжырымдамасы».
Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі – Н.А. Кунапьянова бірінші тақырып бойыншабаяндама жасап, слайдтар көрсетті және Департамент басшысы Н.С. Ибраев сөз сөйледі.Екінші тақырыппен «Шығыс адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкіліД.К. Кенжеғазин баяндама жасап, бейне -ролик көрсетті.
Мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрыс қағидалары мен саласындағы негізгі құқықтары, мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттері, мемлекеттік қызметшілердің сыртқы келбетіне қойылатын талаптар, Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы сұрақтарталқыланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы нормативтік құқықтық актілер аталып өтілді:
1) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ЗРК ҚР заңы.
2) Ұлт жоспары-100 нақты қадам(ҚР Президентінің бағдарламасының 13 қадамы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту»)
3) «ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тұжырымдамасы».
Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлқы мәселелеріне көбірек көңіл бөлінеді. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсіби және жеке құзыреттер, моральдық-адамгершілік қасиеттер мен әдептілік мінез-құлық көріністеріне негізделген. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші мемлекет мүдделері мен азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге қарсы тұруға, заңда белгіленген шектеулерді сақтауға шақырылады. Мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқының негізгі стандарттары (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары), қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, сондай-ақ рұқсат беру құжаттарын(медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы лицензиялар мен сертификаттау) берумен байланысты іс-сапарлардағы, мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі мінез-құлық стандарттары айтылды.
Іссапар мемлекеттік қызметшіні басшылықтың өкімі бойынша қызметтік міндеттерін орындау (тексерулер, семинарлар, көшпелі кеңестер өткізу және т.б.), оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау үшін белгілі бір мерзімге басқа жерге жіберу болып табылады.
Тұрақты ортадан шығу Әдеп кодексінің талаптарын сақтаудан босатпайды:
-іс-сапарда жүрген лауазымды адамдар өзінің мінез-құлқымен және сыртқы түрімен азаматтар мен басқа да мемлекеттік қызметшілер үшін үлгі болуға тиіс.
- сыйлықтарды, жол жүру билеттеріне ақы төлеу туралы ұсыныстарды, қонақ үйде тұруды, отырыстарға қатысуды қабылдауға, сондай-ақ спирттік ішімдіктерді ішуге жол берілмейді
-жұмыстан тыс уақытта алкогольдік ішімдіктерді пайдаланатын ойын-сауық орындарына барудан бас тарту керек.
Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілерге мемлекеттік қызметшінің беделін түсіруі және беделін түсіруі және қоғам тарапынан айтылатын сынға себеп болуы мүмкін қандай да бір фотосуреттер немесе бейне жазбалар орналастыруына жол берілмейді("Фейсбук", "Инстаграм" және т. б., "ватсап" мессенджері бойынша "друзья" чаттарына жіберу және т. б.).
Мемлекеттік қызметшілердің киім нысанына қойылатын негізгі талаптар бойынша ұсынымдар:
Іскерлік стиль – консерватизм, қатаңдық және ұстамдылық.
Принциптер: минимализм; ерекшеленбеу қабілеті, үйлесімді көріну.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілігі
- тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер бойынша сөз қозғалды.
Тәртіптікжауапкершілік:
- Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде және "Мемлекеттік қызмет туралы" ҚР Заңының 49-бабында көзделген әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілік;
Әкімшілік жауапкершілік Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексi бойынша:
34 тарау. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар
- 676 бап. Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл)
- 677 бап. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның заңсыз материалдық сыйақы алу (алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл).
- 678 бап. 1 бөлімінде Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл), 2-ші бөлімінде әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл).
- 679 бап. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы және заңсыз кірістер алуы (осы ұйымдардың басшыларына алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу).
- 680 бап. Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы (жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл).
- 681 бап. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау (жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл).
Қылмыстық жауапкершілік. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi
бойынша:
15-тарау. Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар
361-бап. Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану;
362-бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану;
363-бап. Лауазымды адамның өкiлеттiктерін иемденіп алу;
364-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу;
365-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау;
366-бап. Пара алу;
367-бап. Пара беру;
368-бап. Парақорлыққаделдал болу;
369-бап. Қызметтiкжалғандықжасау;
370-бап. Қызметтегi әрекетсiздiк;
371-бап. Салғырттық.
4) «Шығыс адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі Д.К. Кенжеғазин «ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тұжырымдамасы» бойынша жасалған басяндамасының соңында, мемлекеттік қызметкердің жұмыс орнында пара алу дәлелі бойынша ұсталғаны жайлы виде көрсетті.