
Риддер қаласындағы жаңа көпбейінді ауруханада Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен қаланың стационарлық және амбулаториялық қызметінің 2025 жылғы жұмыс қорытындыларына арналған кеңес өтті.
Одан кейін Медицина қызметкері күніне орай Шығыс Қазақстан облысының бірқатар медициналық ұйымдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Соңғы он жылда алғаш рет «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медицина орталығы» 2025 жылдың қорытындысы бойынша негізделген шағымдардың болмауына байланысты Құрмет грамотасына ие болды. Бұл көрсетілетін медициналық көмектің жоғары сапасы мен мекеме жұмысының тиімділігінің айқын дәлелі болды.
Сондай-ақ «Авиценна» отбасылық денсаулық орталығы және «ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының «Глубокое ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК халыққа медициналық көмек көрсетудегі жоғары нәтижелері, пациенттердің құқықтарын қорғауға қосқан үлесі, ішкі аудит қызметінің мінсіз жұмысы және медициналық қызметтердің жоғары сапасы үшін Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Медициналық ұйымдардың ұжымдарын лайықты марапаттарымен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыс, кәсіби өсу және жаңа жетістіктер тілейміз!
Марапаттау рәсімінен кейін Риддер қаласындағы жаңа көпбейінді ауруханаға экскурсия ұйымдастырылды. Департамент басшысы перзентхана блогында болып, бөлімшенің заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілуімен, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігімен, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне жасалған еңбек жағдайларымен және босанушы әйелдерге көрсетілетін қолайлы жағдайлармен танысты.