ШҚО бойынша МФБК департаментінің басшысы «AQNIET» кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталды

ШҚО бойынша МФБК департаментінің басшысы «AQNIET» кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталды

Медицина қызметкері күніне орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Алмагүл Сыдықбайқызы Қусатаева «AQNIET» – Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Салтанатты марапаттау рәсімі Риддер қаласында өтті.

Марапатты «AQNIET» салалық кәсіподағының төрағасы Б. Тәжібай медицина қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, салалық кәсіподақтың бірлігін нығайтуға қосқан үлесі және Медицина қызметкері күніне орай табыс етті.

Алмагүл Сыдықбайқызын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтап, деніне саулық, еңбегіне толағай табыс және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!