Департамент ғимаратының мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша

Департамент ғимаратының мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаменті тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан кіріктірілген үй-жайларда орналасқан. Ғимарат 1964 жылы салынған, бес қабатты тұрғын үй болып табылады.

Пандустың жоқтығына қатысты келіп түскен шағым бойынша Департамент тарапынан ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізуге өтінім берілгенін хабарлаймыз.

Сонымен қатар, азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында кіреберісте домофонмен жабдықталған шақыру түймесі орнатылған. Бұл мүмкіндік қажет болған жағдайда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тиісті көмек көрсетуге жағдай жасайды.