ШҚО-да 2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша туберкулезге қарсы бағдарламаның іске асырылуы талқыланды

ШҚО-да 2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша туберкулезге қарсы бағдарламаның іске асырылуы талқыланды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің басшысы А. Кусатаева ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаевпен бірлесіп 2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша туберкулезге қарсы бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесіне қатысты.

Кеңес барысында өңірдегі туберкулезге қарсы іс-шараларды жүзеге асыру, туберкулез инфекциясының алдын алу шараларының тиімділігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде жұмысты ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері қаралды.

Кездесуге қатысушылар туберкулездің алдын алу және ерте анықтау саласындағы өзекті міндеттерді, ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерін және Шығыс Қазақстан облысында туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру бойынша алдағы бірлескен жұмыс бағыттарын талқылады.