
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы" Заңның 8-бабы 5-тармағына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы 2026 жылдың 08 мамырынан бастап.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу шеңберінде ішкі процестер мен рәсімдерге кешенді бағалау жасалып, сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындауына ықпал ететін факторларды анықтау, сондай-ақ оларды жою бойынша ұсынымдар әзірлеу көзделеді.