Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды және қызметтік әдеп нормаларын сақтау - мемлекеттік қызметтің басымдығы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды және қызметтік әдеп нормаларын сақтау - мемлекеттік қызметтің басымдығы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдармен өзара қарым қатынас шеңберінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен семинар-кеңес өткізді.

🎯 Аталған шара мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және қызметтік әдеп стандарттарын сақтау деңгейін арттыру.

Іс-шара барысында ерекше назар аударылған мәселелер:
⚖️ сыбайлас жемқорлық шектеулерін бұзуға жол бермеу
👤 мемлекеттік қызметшілердің жеке жауапкершілігін арттыру
💬 іскерлік қарым-қатынас нормаларын сақтау.

🤝 Бұл талаптарды сақтау - азаматтардың сенімін нығайтып, мемлекеттік қызметтің беделін арттыратыны атап өтілді.

#СыбайласЖемқорлыққаҚарсы #МемлекеттікҚызмет #Әдеп #Қазақстан #ШҚО #Адалдық #Жауапкершілік