
2026 жылғы 15 наурыз Қазақстан Республикасы үшін тарихи маңызы зор күндердің бірі болып, ел дамуының жаңа кезеңіне бастау болды. Осы күні өткен республикалық референдумда азаматтар өз таңдауларын жасап, мемлекеттің болашақ бағытын айқындауға белсенді қатысты.
Уақыт өткеніне қарамастан, бұл оқиғаның маңызы әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Референдум халықтың азаматтық белсенділігін, ел тағдырына деген жауапкершілігін айқын көрсетті. Бұл — қоғамның саяси жаңғыру үдерістеріне қатысуға дайын екенінің айғағы.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері де бұл маңызды шарадан тыс қалған жоқ. Азаматтық борыштарын сезіне отырып, департамент ұжымы 100% толық құрамда референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады.
Мұндай бірлік пен белсенділік мемлекеттік қызметшілердің жоғары азаматтық ұстанымын көрсетеді. Референдум ел бірлігінің, жаңару мен даму жолындағы ортақ мақсаттың айқын көрінісіне айналды.