ШҚО-да медициналық және фармацевтикалық бақылау жұмысының тиімділігі артты

ШҚО-да медициналық және фармацевтикалық бақылау жұмысының тиімділігі артты

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде 2025 жылдың қорытындылары 2024 жылмен салыстыра отырып қаралды.
Қорытындыларды қарау барысында азаматтардан түскен өтініштер санының артқаны, сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің ұлғайғаны атап өтілді.
Сонымен қатар әкімшілік жаза қолдану санының өскені байқалды.
Тиісті дәріханалық практика сертификатын алған ұйымдар саны 2024 жылмен салыстырғанда айтарлықтай артты.
Тыңдалым қорытындысы бойынша Департамент басшысы жұмысты күшейтуге және оның тиімділігін арттыруға бағытталған тапсырмалар берді.