ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЛИЦЕНЗИЯЛАУДЫҢ БЕС ЖЫЛДЫҚ МЕРЗІМІН ЕНГІЗУДІ ҚАРАСТЫРУДА

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЛИЦЕНЗИЯЛАУДЫҢ БЕС ЖЫЛДЫҚ МЕРЗІМІН ЕНГІЗУДІ ҚАРАСТЫРУДА
Медициналық ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейту және медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметті лицензиялаудың бес жылдық мерзімін кезең-кезеңімен енгізуді қарайды.
 
Бекітілген 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде белгіленген стандарттарға сәйкестікті міндетті түрде қайта бағалай отырып, медициналық қызметке лицензияның мерзімсіз орнына бес жылдық қолданылу мерзімін енгізу жоспарлануда.
 
Шара кадрлық әлеуетті, материалдық-техникалық базаны және көрсетілетін қызметтердің сапасын тұрақты бағалауға бағытталған.
 
Бір мезгілде 2026 жылғы қаңтардан бастап денсаулық сақтау саласындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеуден кейінгі алғашқы үш жылда тексерулер жүргізуге тыйым салынады.
 
Бұл шара қадағалау шарттарын теңестіруге және медициналық ұйымдар жұмысының ерте кезеңдерінде жүйелі бұзушылықтардың жинақталуын болдырмауға мүмкіндік береді.
 
Бұдан басқа, Президенттің тапсырмасын орындау шеңберінде Министрлік қаржы мониторингі агенттігімен және басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп ТМККК және МӘМС шеңберінде қызмет көрсететін жеке медициналық ұйымдардың қызметіне бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бағалай отырып, кешенді тексеру жүргізеді.
 
Бүгінгі таңда ҚР-да медициналық қызметке лицензиясы бар 22 905 денсаулық сақтау субъектісі, оның ішінде 8 803 мемлекеттік медициналық ұйым, 14102 жеке денсаулық сақтау субъектісі тіркелген.