Құрметті әріптестер!
Сіздерді 25 Қыркүйек – Дүниежүзілік фармацевт күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Халық денсаулығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша фармацевт мамандардың кәсіби мерекесі құтты болсын! Бұл күн – тек дәріханалардағы мамандарға ғана емес, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласында қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілер мен барша фармацевтикалық сала өкілдеріне ортақ.
Фармация – жоғары жауапкершілікті, терең білім мен адал еңбекті талап ететін аса маңызды сала. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен табанды еңбектеріңіздің арқасында еліміздің денсаулық сақтау жүйесі тұрақты дамып келеді. Осы айтулы күні Сіздерге зор денсаулық, кәсіби табыс, сарқылмас жігер мен қажырлы еңбекке лайықты құрмет тілейміз.
Еңбектеріңіз еленіп, ел алғысына бөлене беріңіздер! Ізгі тілекпен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымы.