💊Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Қазақстан Республикасының, «Халық денсаулығы жене денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің, 251-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына мемлекеттіқ тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдауға жол берілмейтінін хабарлайды.
🔎Ерекше жағдай ретінде клиникалық зерттеулер жүргізу үшін, ауыру сырқауларды емдеу үшін, төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін, сондай-ақ, жеке тұлгалардың жеке пайдалануына жаңа заңнамада көзделген басқа жағдайларда тасымалдауға рұксат етіледі.
🔎Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген «Мунджаро» (тирзепатид) дәрілік затының маркетплейстер арқылы жарнамаланып, сатылып жатқан фактілері тіркелген.
📎Осыған байланысты Медициналык және фармацевтикалык, бақылау комитеті аумақтық Департаменттерге аталан фактілер бойынша тексерулер жургізуді тапсырды.
Дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді жарнамалауды бақылауды күшейту мақсатында:
Денсаулық, сақтау министрлігі тарапынан дәрілік заттардың, биологиялык, белсенді қоспалардың (ББҚ) және медициналық қызметтердің заңсыз жарнамасын аныктау мен жолын кесу жөніндегі жол картасы бекітілді.
📎-Сонымен қатар, Қазакстан Республикасында 2-типтегі қант диабетін емдеуге арналған «Оземпик» дәрілік заты тіркелгенін назарға саламыз. Бұл затты тек емдеуші дәрігер тағайындайды және ол қатаң түрде рецепт бойынша ғана босатылады. Айта кету керек, Қазақстан Республикасының аумағына тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталганға дейін әкелінген немесе өндірілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шектеусіз қолдануға және жеткізуге болады.
📎Барлық тіркелген жене сапасын бағалау Рәсімінен дәрілік заттар мен медициналык бұйымдар туралы ақпарат Қазақстан Республикасының дәрілік заттары мен медициналық бұйымдардың Мемлекеттік тізілімінде орналастырылған.
Комитет тіркелмеген дәрілік заттарды жеткізу немесе жарнамалау фактілері аныкталған жағдайда Қазакстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 426-бабы 3-белігінде көзделген әкімшілік шаралар қолданылатынын еске салады.
Аталған нормаға сәйкес тіркелмеген, қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттар мен медициналык бұйымдарды өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу, қолдану және жарнамалау, егер олар адамның денсаулығына зиян келтірмеген жағдайда, төмендегі айыппулдар салынады:
*жеке тұлгаларға - 100 АЕК;
*лауазымды адамдарға - 150 АЕК;
*шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 AEK;
Орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 AEK;
* Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 1500 АЕК, қызметін тоқтата тура отырып, қуқық бұзушылық нысаналарын және оны жасау нәтижесінде алынған кірістерді тәркілей отырып.
🔎Медициналык және фармацевтикалық, бақылау комитеті халықты сақ болуга және Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды сатып алмауга шақырады. Қауіпсіздігік, тиімділігі мен сапасы расталмаған заттарды қолдану денсаулық пен өмірге елеулі қатер төндіреді.