Фармацевтикалық нарықтағы субъектілермен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жарнамалау бойынша кеңес өткізілді:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 56-бабы 3-тармағының 1), 2), 11-15) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың, мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімнің (тауарлардың), профилактика құралдарының жарнамасына, бұқаралық ақпарат құралдарында рецептімен босатылатын дәрілік заттардың жарнамасына, 11) халыққа арналған жарнамада мынадай ауруларды: жыныстық жолмен берілетін ауруларды, онкологиялық, психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарды (ауруларды), қауіпті инфекциялық ауруларды, АИТВ инфекциясын, туберкулезді, қант диабетін емдеу тәсілдерін көрсетуге, жарнамада дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды және (немесе) тағайындауды көтермелеуі мүмкін ғалымдардың, денсаулық сақтау мамандарының, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ұсынымдарына сілтеме жасауға, көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімді (тауарларды) жарнамада бірегей, барынша қауіпсіз және тиімді ретінде ұсынуға, дәрілік препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі оның табиғи жолмен алынуына байланысты деп сендіруге, ұсынылатын көрсетілетін қызметтің, жарнамаланатын дәрілік препаратпен, тағамға биологиялық белсенді қоспамен емдеудің тиімділігі кепілдендірілген болып табылады, затты қолдану жанама әсерлердің дамуымен ұштаспайды деген болжам туғызуға тыйым салынады.
Кездесу барысында фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ дәріханалық тәжірибенің тиісті талаптарына (GPP) сәйкестігіне инспекция жүргізу мәселелері қаралды. Қатысушыларға барлық қойылған сұрақтар бойынша түсіндірмелер мен жауаптар берілді.