Дәріні тек лицензиясы бар дәріханадан алыңыз – денсаулығыңызды қорғаңыз!

Дәріні тек лицензиясы бар дәріханадан алыңыз – денсаулығыңызды қорғаңыз!

Сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тек фармацевтикалық қызметке лицензиясы бар дәріханалардан сатып алуды ұсынамыз.
✅ Тек лицензияланған дәріханаларда:
— тіркелген және тексерілген препараттар сатылады;
— сақтау талаптары қатаң сақталады;
— өнім сапасына толық жауапкершілік жүктеледі;
— арнайы фармацевтикалық білімі бар мамандар жұмыс істейді.

Назар аударыңыз!
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды маркетплейстер (интернет-алаңдар) арқылы сату тек келесі шарттар орындалғанда рұқсат етіледі:

🔹 фармацевтикалық қызметке лицензиясы болғанда;
🔹 рұқсат құжаттары болғанда;
🔹 тасымалдау және сақтау талаптары сақталған жағдайда.

Дәрілік заттарды тек лицензияланған дәріханалардан сатып ала отырып, сіз:
✔ денсаулығыңызды қорғайсыз;
✔ заң талаптарын орындайсыз;
✔ дәрі-дәрмектің сапасына кепілдік аласыз.
🔒 Сақ болыңыз, жауапкершілікпен қараңыз!
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алмас бұрын сатушының лицензиясы мен рұқсат құжаттарының бар-жоғын міндетті түрде тексеріңіз.

📌 Денсаулық – басты байлық!