2025 жылғы 4 тамызда ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Алмагуль Кусатаева «Altai TV» телеарнасында «Елге қызмет» бағдарламасында тікелей эфирде сұхбат берді. Сұхбат барысында мемлекеттік органның қызметі; жаңалықтар мен өзгерістер; мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, сонымен қатр Департаментпен атқарылған жұмыстар және т.б. сұрақтар қамтылды. Сұхбат соңында А. Кусатаева Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарының назарын медициналық көмектің сапасына қатысты шағымдар мен наразылықтар болған жағдайда Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 80 мекенжайында орналасқан Департаментке жүгінуге болатынын аударды.