Осы кәсіби мерекеге орай ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Алмагуль Сыдыкбаевна Кусатаеваның қысқаша еңбек жолымен таныстырғымыз келеді.
Кусатаева Алмагуль Сыдыкбаевна 1992 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» факультеті бойынша бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы Екібастұз қаласының медицина колледжінде акушерия және гинекология бойынша оқытушы, сонымен қатар перзентханада дәрігер акушер-гинеколог болып бастады. 1993 жылдан 2001 жылға дейін Семей қаласындағы №3 перзентханада дәрігер акушер-гинеколог болып жұмыс істеді.
2001 жылдан 2013 жылға дейін Ресей Федерациясында тұрып, өз мамандығы бойынша жұмыс істеді, мұнда акушерлік және гинекология бойынша жоғары біліктілік санатын екі рет растады. 2013 жылы Қазақстанға оралып, Семей қаласындағы №3 перзентханада еңбек жолын жалғастырды, одан кейін №2 перзентханада директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды, осы жерлерде қызмет ете жүріп мерзімсіз жоғары біліктілік санатын иемденді. Семей қаласының перзентханаларын перинаталдық орталыққа оңтайландыруға байланысты директордың медициналық қызметтер /көмек сапасын бақылау жөніндегі бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Еңбек еткен жылдар көлемінде, бұл 29 жыл, жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге және балаларға стационарларда көмек көрсетті. Ол акушерліктегі барлық хирургиялық араласуларды толық меңгерген - көлемді операциялар жасалып, жүздеген адамның өмірі құтқарылды... Ол патологиялық босануды және хирургиялық араласу бөлігінде тәлімгерлікпен айналысты.
2021 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, ал 2022 жылы басшы болып тағайындалып, бүгінгі күнге дейін адал еңбек етіп келеді. Денсаулық сақтау жүйесіндегі жалпы жұмыс өтілі 33 жылдан асады.
Алмагуль Кусатаева - адал және еңбекқор мемлекеттік қызметшінің озық үлгісі. Департаменттің жаңадан қабылданған мамандарына, өскелең ұрпаққа адал еңбегімен өнеге көрсетіп келеді. Жұмыс барысында өзін сауатты және өзінің функционалдық міндеттерін жақсы білетін басшы ретінде көрсетті, ол еңбек жолын қарапайым дәрігер акушер-гинекологтан бастап, ШҚО бойынша ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы лауазымына дейін көтерілді.
Алмагуль Сыдыкбаевна 2023 жылы адал еңбегі және жеке үлесі үшін денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен, ал 2024 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында ол Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
Департамент атынан Алмагуль Сыдыкбаевнаға жұмыста шығармашылық табыс, жаңа жеңістер, жаңа жетістіктер тілейміз.