Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ШҚО Департаментінің үздік қызметкерлері марапатталды

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ШҚО Департаментінің үздік қызметкерлері марапатталды

2025 жылғы 23 маусымда ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы А. Кусатаева Департамент қызметкерлерін мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтады. Кәсіби мерекеге орай үздік жұмыс нәтижелерін көрсеткен қызметкерлерді Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің және ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің атынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды. Атап айтсақ,

- 23 маусым – мемлекеттік қызметшлілер күніне орай, мемлекеттік қызметтің беделін нығайтуға қосқан үлесі үшін медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Құмарқызы Ғылыммедденге Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хаты;

- 23 маусым – мемлекеттік қызметшлілер күніне орай, мемлекеттік қызметтің беделін нығайтуға қосқан үлесі үшін фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Жансая Қайратқызы Қайратова Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хаты;

- Кәсіби ынтасы, адал еңбегі мен қол жеткен табыстары үшін медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Шұғыла Манарбековна Абылханова; фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы Айзат Мемлетханқызы Қайырбаева, фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы Аигуль Аскарбековна Мухтарханова және бас маман-заңгер Марат Жасуланович Жусупов, маман Айгерим Байкаловна Амиренова ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Барлық әріптестерді жоғары марапаттарымен құттықтап, қызметтке табыстар тілейміз.