Шығыс Қазақстан облысында Департамент қызметкерлерін медицина қызметкерлері күнімен құттықтады

Шығыс Қазақстан облысында Департамент қызметкерлерін медицина қызметкерлері күнімен құттықтады

2025 жылғы 13 маусымда ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы А. Кусатаева Департамент қызметкерлерін кәсіби мереке - медицина күнімен құттықтады. Кәсіби мерекеге орай үздік жұмыс нәтижелерін көрсеткен қызметкерлерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, сонымен қатар ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің, «AQNIET» қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы мен Департаменттің атынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды. Атап айтсақ,

  • Медицина қызметкері күніне орай азаматтардың денсаулық сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін медициналық қызметті бақылау бөлімінің басшысы Гульмира Александрова Шарыпова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен;
  • Медицина қызметкері күніне орай денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегі мен еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы Мақпал Жомартқанқызы Рахимжанова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатымен;
  • Медицина қызметкері күніне орай азаматтардың денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы Гүлжан Сағымбекқызы Сыдықова ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Құрмет грамотасымен;
  • Медицина қызметкері күніне орай азаматтардың денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін Бақытбек Калимович Шпекбаев ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алғыс хатымен;
  • Кәсіби ынтасы, адал еңбегі мен қол жеткен табыстары үшін медициналық қызметті бақылау бөлімінің бас мамандары Жанар Кенесхановна Мусина және Ләззат Серікқызы Дүйсенбекова ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Алғыс хаттарымен;
  • Медицина қызметкері күніне орай денсаулық сақтау жүйесіндегі адал еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі үшін медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Дана Ерланқызы Сыдықова мен фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы Әйгерім Болатқызы Советбекова «AQNIET» қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Барлық әріптестерді жоғары марапаттарымен құттықтап, қызметтке табыстар тілейміз.