Дәрілік заттар бағасының төмендеу үрдісі

Дәрілік заттар бағасының төмендеу үрдісі

Ұлытау облысы бойынша 2025–2026 жылдардың 1-тоқсандары аралығында дәрілік заттардың бағаларына салыстырмалы талдау жүргізілді. Талдау нәтижелері фармацевтикалық нарықта баға динамикасының төмендеу бағыты басым екенін көрсетті.

     Атап айтқанда, Сиофор® 850 және Сиофор® 1000 препараттары бойынша бағаның тиісінше 45,2% және 33,4%-ға төмендеуі байқалды. Сондай-ақ, Сумамед® (-19,7%), Амлодипин (-36,4%) және Амоксиклав® (-57,3%) дәрілік заттары бойынша да айтарлықтай баға төмендеуі тіркелді. Клавам® препараты бойынша баға 10,0%-ға төмендегені байқалды.

     Жалпы алғанда, зерттелген дәрілік заттардың басым бөлігінде оң динамика қалыптасып, бағаның төмендеу үрдісі орын алған. Бұл өз кезегінде халық үшін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігін арттыруға және әлеуметтік маңызы бар фармацевтикалық нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

     Ұлытау облысы бойынша тиісті департамент тарапынан фармацевтикалық нарықтағы баға деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізілуде. Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі бақылау және алдын алу шаралары жүзеге асырылуда.