Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Ұлытау облысы бойынша Департаментінде, әдеп жөніндегі уәкіл – Г. К. Бекзатова Департамент қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп-қағидаларын сақтау мәселелеріне арналған кездесу өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері талқыланды. Әсіресе, мемлекеттік қызметшілердің әдепке жат мінез-құлық жағдайларының алдын алу мақсатында әдеп нормаларын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, қатысушыларға іскерлік қарым-қатынас мәдениетін сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды орындау және қызметтік міндеттерді атқару барысында жоғары кәсіби мәдениетті ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді. Осындай іс-шаралар ұжымда жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызмет жүйесінде ашықтық, жауапкершілік және сенім қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.