
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті хабарлайды.
Қазақстан Республикасының аумағында медициналық қызметті жүзеге асыру үшін шетелдік мамандарды тарту қолданыстағы заңнама талаптарына қатаң сәйкес жүргізіледі.
Құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Заңы нормаларына негізделген.
Шетелдік медициналық қызметкерлер кәсіби қызметке келесі талаптар сақталған жағдайда жіберіледі:
· Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде болуы;
· еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсатының болуы (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарын қоспағанда);
· біліктілігін растау және қажет болған жағдайда білім туралы құжаттарын тану;
· белгіленген тәртіппен клиникалық практикаға жіберілу;
· медициналық ұйыммен еңбек шартын жасасу.
Аталған талаптардың сақталуы медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ пациенттердің құқықтарын қорғауға бағытталған.
Осы саладағы заңнаманың сақталуына бақылауды уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.ми органами.