GPP стандартына сәйкестік сертификаты тапсырылды

GPP стандартына сәйкестік сертификаты тапсырылды



Ұлытау облысы, Сәтпаев қаласы, Виктор Гурбы көшесі, құрылыс №100Б мекен-жайы бойынша «AK NIET GROUP» ЖШС дәріханасының фармацевтикалық инспекциясын өткізу кезінде алынған мәліметтер негізінде «Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығымен бекітілген. Тиісті дәріхана практикасы стандартына (GPP) сәйкестігіне сертификат берілді.
Тиісті дәріханалық практика стандарты (GPP) Қазақстан Республикасы халқына фармацевтика қызметкерлерінің көрсететін фармацевтикалық қызметінің тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген, Стандарттың талаптарын және Қазақстан Республикасының халқына фармацевтикалық қызмет көрсетудің сапасын басқару жүйесін ұйымдастыруды анықтайды.
Осы Стандарт халықты сапалы, қауіпсіз дәрілік заттар және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге, оларға дәрілік заттар туралы нақты ақпарат беруге, салауатты өмір салтын насихаттауға және аурудың алдын алуға, рецептуралық дәрілік препараттарды ұтымды қолдануды қамтамасыз етуге, дәрілік препараттардың орын алған жағымсыз әсерлері туралы ақпаратты беруге және өзін өзі емдегенде көмек көрсетуге бағытталған.