Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті тек дәрігер рецепті бойынша босатылатын дәрілік заттардың айналымына бақылауды күшейту бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 233-бабының 5-тармағына сәйкес, рецептімен босатылатын дәрілік заттарды дәрігердің тағайындауынсыз сатуға тыйым салынады. Мұндай дәрілерге рецепт қағаз немесе электронды түрде жазылып, міндетті түрде есепке алынуы тиіс.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Комитеттің аумақтық департаменттері құқық қорғау органдарының, азаматтар мен ұйымдардың өтініштері негізінде жүргізген бақылау шаралары нәтижесінде антимикробтық препараттарды рецептісіз сату бойынша 46 заңбұзушылық анықтады. Анықталған фактілер бойынша Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 426-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, жалпы сомасы 7,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Ең жиі рецептісіз сатылған препараттар тізімінде «Азитромицин» және «Цефтриаксон».

Мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Комитет және оның аумақтық бөлімшелері дәріхана қызметкерлеріне рецептімен босатуға қатысты заңнама талаптарын түсіндіру бойынша оқыту іс-шараларын ұйымдастырды. Сондай-ақ барлық өңірлерде медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерімен бірлесе отырып, рецепт жазу тәртібін сақтау және оны бұзған жағдайда қолданылатын әкімшілік жауапкершілік мәселелері бойынша кеңестер өткізді.

Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 426-бабының 1-бөлігіне сәйкес, дәрілік заттарды заңсыз сатқан жағдайда келесі айыппұлдар көзделген:

  • жеке тұлғаларға – 70 АЕК;
  • лауазымды тұлғаларға – 100 АЕК;
  • шағын бизнес субъектілеріне – 130 АЕК;
  • орта бизнес субъектілеріне – 200 АЕК;
  • ірі бизнес субъектілеріне – 1000 АЕК.

Сонымен қатар, 2024 жылдың шілде айынан бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау енгізілді. Бұл шара фармацевтикалық айналымның ашықтығын арттыруға және дәрілердің рецептісіз босатылуын болдырмауға бағытталған.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті қызметкерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға, ал азаматтарды – рецептімен босатылатын дәрілерді тек емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша сатып алуға шақырады. Бұл – емнің қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етудің басты шарты.