Көрсетілген мемлекеттік қызметтер

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласында келесі мемлекеттік қызметтерді ұсынды:

- Қазақстан Республикасынан тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығару бойынша келісім мен (немесе) қорытынды (рұқсат құжаты) беру АЖ МДБ «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы;

- Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру АЖ МДБ «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы, 7 өтініш (2024 жылы – 8 өтініш);

- Дәрілік заттар, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру АЖ МДБ «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы, 1 өтініш (2024 жылы – 2 өтініш).

- Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы маман сертификатын беру АЖ ГБД «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы — 7 өтініш (2024 жыл — 36 өтініш).

2025 жылдың 1 тоқсанына түскен мемлекеттік қызмет көрсету өтініштерінің жалпы саны – 15 өтініш, оның ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 15 (2024 жыл – 48 өтініш).

Сонымен қатар, лицензияларды/қосымшаларды қайта ресімдеу, электрондық форматқа көшіру (қалпына келтіру, түзету), лицензияның қолданылуын тоқтату бойынша жұмыс жүргізілуде.

Есептік кезеңде лицензияның қолданылуын тоқтату бойынша 1 өтініш түсті (2024 ж. – 7 өтініш).

2025 жылдың бірінші тоқсанында Петропавл қаласында 5 дәріхана және Ақмола облысында келісім негізінде 2 дәріхана ашылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы бұзу фактілері (мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар, мемлекеттік қызмет көрсетуде кешіктірулер және т.б.) есептік кезеңде болмады.

Күн сайын Департаменттің бөлім басшысының орынбасары мен мамандары «Жедел байланыс желісі» арқылы 8(7152) 70-11-51 телефоны бойынша консультациялар өткізеді.