Қазақстан Республикасында медициналық оптика бұйымдарын дайындаумен және (немесе) бөлшек саудада өткізумен айналысатын оптика және медициналық бұйымдар дүкендерінің қызметі келесі нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі:
1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі,
2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы,
3) ҚР ДСМ "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы.
Оптика дүкені мен медициналық бұйымдар дүкендері дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы объектілер болып табылады.
Оптика дүкенінің қызметі – көзілдірік оптикасын дайындау және (немесе) медициналық бұйымдарды, оның ішінде көруді түзетуге арналған көзілдірік оптикасын, көзілдіріктерді, сондай-ақ оларды күтіп-ұстауға және жөндеуге арналған ілеспе тауарларды бөлшек саудада өткізу болып табылады.
Медициналық бұйымдарды дайындау объектілеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес, қызметті жүзеге асыру үшін: жоғары немесе орта фармацевтикалық, медициналық не техникалық білімі болуы қажет.
Осыған байланысты, егер Сіздің қызметіңіз тек көзілдірік оптикасы медициналық бұйымдарын бөлшек саудада өткізу шеңберінде шектелсе, онда «www.e-license.kz» электрондық үкімет порталы арқылы оптика және медициналық бұйымдар дүкендері арқылы қызметтің басталғаны туралы хабарлама беру жеткілікті.
Егер Сіз көзілдірік оптикасын дайындаумен айналысуды жоспарласаңыз, онда фармацевтикалық қызмет түріне тиісті лицензия алу қажет.
Медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу қызметінің басталғаны туралы хабарламаны беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
Фармацевтикалық қызметпен айналысуға лицензия алу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаментіне www.e-license.kz электрондық үкімет порталы арқылы өтінім беру қажет.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, тиісті хабарлама немесе лицензиясыз фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеп соғуы мүмкін.
Осыған байланысты, нормативтік құқықтық актілердің талаптарымен мұқият танысуды және қажет болған жағдайда фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер және фармацевтикалық инспекторат бөліміне +7 (7152) 70-11-51 телефоны арқылы жүгініп, кеңес алуды ұсынамыз.