
Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесіне орай, Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаменті(әрі қарай-Департамент) қызметкерлерімен қазақ ұлттық дәстүрі – «Бесікке салу» рәсімі бойынша іс-шара өткізілді.
«Бесікке салу» – қазақ халқының сәбидің дүниеге келгеніне байланысты өткізілетін дәстүрлі рәсімі. Бұл салтанатты шара алғаш рет сәбиді «Бесікке» — тербелмелі төсекке салғанда өткізіледі. Қазақтар үшін «Бесік» — сәбидің алтын ұясы болып саналады, ал «Бесікке салу» рәсімі – ең маңызды әрі қастерлі салттардың бірі.Іс-шараға қонақтар шақырылып, мерекелік дастархан жайылады, сондықтан бұл рәсім «Бесік той» деп те аталады.
Іс-шараның қорытындысында департамент басшысы барлығын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, алғыс хаттарды табыс етті.