Ismet.kz порталына фармацевтикалық компанияны қосу үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет. Төменде біз ЭЦҚ-ны қайдан және қалай алуға болатындығы туралы қысқаша нұсқаулық береміз.
Сіз шарт жасасқанда немесе тауарды қабылдағанда қағазға қол қойасыз. ЭЦҚ - сол қолтаңба, бірақ сандық түрде. Басқаша айтқанда, бұл онлайн - «қалам», ол арқылы сіз заңды мәмілелер немесе интернетте құпия операциялар жасайсыз. ЭЦҚ қағаздағы қолмен бірдей заңды күшке ие. ЭЦҚ файлы мен құпия сөзді ешкімге беруге болмайды.
ЭЦҚ-ны қалай алуға болады?
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығына онлайн-өтінім беріңіз: https://egov.kz/cms/ru/information/eds/getecpiio
NCALayer бағдарламасы не үшін қажет?
NCALayer электрондық цифрлық қолтаңбамен жұмыс істеу үшін қажет. Егер ЭЦҚ-мен жұмыс істесеңіз, бұл бағдарлама үнемі қосулы болуы керек.
NCALayer бағдарламасы қайдан жүктеледі?
NCALayer-ді Ұлттық куәландыру орталығының ресми сайтынан жүктеуге болады: https://pki.gov.kz/ncalayer/
NCALayer бағдарламасы қалай орнатылады?
Қазақ тіліндегі пайдаланушы нұсқаулығы:https://pki.gov.kz/docs/nl_kaz/
Орыс тіліндегі пайдаланушы нұсқаулығы: https://pki.gov.kz/docs/nl_ru/
Еске салайық, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалаудың міндетті жүйесі енгізіледі.