
Денсаулық сақтау менеджері-мемлекеттік медициналық ұйымды басқаруды жүзеге асыратын бірінші басшы.
Басқару қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты міндетті болып табылады.
Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын беру «денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданылуын растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-254/2020 бұйрығымен (бұдан әрі – қағидалар) регламенттелген.
Сертификаттауға соңғы 5 (бес) жылдағы үздіксіз кәсіби даму іс-шараларын растаған үміткерлер жіберіледі. Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын алғаш алған кезде сертификаттау курсынан кемінде 10 кредит немесе 300 сағат өту қажет.
Денсаулық сақтау саласындағы менеджердің басқару қызметіне дайындығын растау туралы ҚОРЫТЫНДЫ ұлттық тәуелсіз емтихан орталығында беріледі.
Үміткер барлық қажетті құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы www.elicense.kz көрсетіледі. Көрсету мерзімі 10 (он) жұмыс күні ішінде.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) нысан бойынша өтініш;
2) мәліметтер нысаны;
3) "денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық"даярлау бағыттары бойынша жоғары кәсіптік білім туралы диплом;
4) Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау менеджменті саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжат;
5) басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында білім алған үміткердің білімі туралы құжаттарды тану туралы құжат;
6) ЭҮШ мәліметтері болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы еңбек қызметін растайтын құжат;
7) менеджердің Денсаулық сақтау саласындағы басқару қызметіне дайындығын растау туралы қорытынды.
Айта кету керек, шет тілінде берілген құжатқа қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аударманың қосымша электрондық көшірмесі ұсынылады.
Қосымша ақпарат алу үшін 70-80-04 телефоны бойынша Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөліміне хабарласуға болады.