Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде жекелеген аурулар бойынша амбулаториялық ем қабылдау кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды алу құқығы бар екенін еске салады.
Пациенттерді дәрілік заттармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-75 «Белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Бекітілген тізбеге енгізілген аурулары бар және диспансерлік бақылауда тұрған пациенттер дәрілік препараттарды алуға құқылы.
Дәрілік препараттарды алу үшін пациентке:
Дәрілік заттарды тағайындау диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына, сондай-ақ медициналық көмек көрсетудің бекітілген стандарттарына сәйкес медицина қызметкерімен жүзеге асырылады.
Білу маңызды:
Медициналық көмекке уақытылы жүгіну және дәрігердің ұсынымдарын сақтау тиімді емделудің әрі қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етілудің маңызды шарттары болып табылады.