
Ағымдағы жылдың 1 маусымында департаментте Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының өкілдерімен «Деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсудің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің деструктивті діни идеологиялардың таралу қаупі туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ азаматтардың радикалды және жалған діни ұйымдардың қызметіне тартылу белгілерін анықтау дағдыларын қалыптастыру болды.
Кездесу барысында Дін істері басқармасының өкілдері діни саладағы заманауи үрдістер, деструктивті ағымдар қолданатын адамдарды өз қатарына тарту тәсілдері, сондай-ақ қоғамда экстремистік идеялардың таралуының алдын алу шаралары туралы жан-жақты ақпарат берді. Ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдау және мемлекеттік органдардың конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі рөлі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, аталған саладағы профилактикалық жұмыстың өзекті бағыттарын талқылады.
Осындай іс-шараларды өткізу қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ деструктивті идеологияларға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыруға ықпал етеді.