
Ағымдағы жылдың 27 наурызында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қатысуымен лудомания тақырыбында кеңес өтті.
Кездесу барысында Кунанбаева Зейнегульмен бірлесіп, өзектілігі артып келе жатқан ойынға тәуелділік мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, лудоманияның адамдардың өміріне, олардың отбасына және жалпы қоғамға кері әсерін тигізетіні атап өтілді.
Мемлекеттік қызметшілер үшін құмар ойындарға қатысу және ойынға тәуелділіктің қалыптасуы тәртіптік жауапкершілікке, тіпті жұмыстан босатуға дейін әкелуі мүмкін екені ерекше атап өтілді.