Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті басшысының орынбасары Бақыт Сапарғалиевичпен кездесу өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті басшысының орынбасары Бақыт Сапарғалиевичпен кездесу өтті. Күн тәртібі: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы.

Кездесудің басты тақырыбы «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жобасын талқылау болды. Департамент қызметкерлері диалогқа белсенді қатысты: кездесу барысында сұрақтар қойылып, оларға жан-жақты жауаптар берілді.

Кездесу барысында реформаның басты мақсаты тек заңнаманы жаңарту ғана емес, қоғамға қызмет ету мәдениетін қалыптастыру екені атап өтілді. Баяндамашының айтуынша, әрбір мемлекеттік қызметші «Адал азамат» — адал әрі кәсіби азамат болуға ұмтылуы тиіс.