
2026 жылғы 2 наурызда Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ мүдделі ведомстволардың өкілдері қатысты.
Отырыс барысында мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға 2025 жыл бойынша азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейіне жүргізілген социологиялық зерттеудің нәтижелері таныстырылды.
Сондай-ақ 2025 жыл бойынша өңірдің мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының өкілі, сондай-ақ Петропавл қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыс қорытындылары бойынша баяндама жасады.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттік қызметтер көрсету тетіктерін жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылады.