
16 ақпанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі-Департамент) Әдеп жөніндегі уәкілі А.Қожанова Департамент қызметкерлерімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұзушылықтардың алдын алу мақсатында "мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауы"тақырыбында семинар - кеңес өткізді. Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл алгоритмі және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлау кезінде қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымдар жеткізілді. Семинар қорытындысы бойынша Департамент қызметкерлері ұсынылған ақпаратты назарға алды.