Жыл қорытындысы бойынша аналитикалық анықтама

Жыл қорытындысы бойынша аналитикалық анықтама

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ (бұдан әрі – Департамент) «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы мемлекеттік қызметтердің 4 түрін көрсетеді.

2025 жылдың 12 айы ішінде барлығы 102 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:

- «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды әкетуге келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» – 1;

- «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» – 28;

- «Денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» – 3;

- «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру» – 70.

Мемлекеттік қызметтердің барлық 4 түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бекітілген.

2025 жылдың 12 айы ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар саны – 9, оның ішінде мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:

 -«Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды әкетуге келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» – 0;

-«Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» – 1;

-«Денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» – 0;

-«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру» – 8.

Бас тартулардың негізгі себептері – қызмет алушылардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі (мамандардың болмауы), сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толық болмауы (еңбек қызметін растайтын құжаттардың болмауы, білім туралы мәліметтердің енгізілмеуі, жұмыс орны мен еңбек өтілі туралы мәліметтердің көрсетілмеуі, түлектердің кәсіби даярлығын бағалау нәтижелері туралы мәліметтердің енгізілмеуі).

2025 жылдың 12 айы ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Жыл ішіндегі статистикалық деректерге сәйкес, департамент өз құзыреті шеңберінде 70 мемлекеттік қызметті жеке тұлғаларға, 30 мемлекеттік қызметті заңды тұлғаларға көрсетті.

2025 жылдың 12 айы ішінде Департамент тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша қызмет алушыларды ақпараттандыру мақсатында 41 түсіндіру іс-шарасы өткізілді.