
Қызылжар ауданында, Бескөл ауылында фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің мамандары А.Е. Айманова мен Г.Ж. Жумагазина «Абишева-Фарма» ЖШС фармацевтикалық қызметке лицензия және оған қосымша беру шеңберінде рұқсат беру бақылауын жүргізді.
Рұқсат беру бақылауының нәтижелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылдық округі, Бескөл ауылы, Первомайская көшесі, 48-ғимарат мекенжайында орналасқан «Абишева-Фарма» ЖШС дәріханасының фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетіні туралы шешім қабылданды.