
Биылғы жылдан бастап «Теникс-СК» ЖШС медициналық бұйымдар өндіру жобасын іске асыруға кірісті, бұл отандық фармацевтикалық өндіруші үшін жаңа тәжірибе болып табылады.
Жобаның басты мақсаты – қолданыстағы өндірістік алаңды кеңейту, қайта жоспарлау және жабдықтарды жаңарту.
Қазіргі уақыттан бастап ЖШС медициналық бұйымдарды, атап айтқанда ультрадыбыстық диагностикаға арналған гельді өндіретін болады.
Фармацевтикалық қызметпен айналысу үшін бірқатар рұқсат құжаттары қажет — бұл лицензия және/немесе лицензияның қосымшасы, эпидемиологиялық маңызы шамалы объектінің қызметін (пайдалануын) бастау және тоқтату туралы хабарламаның қабылданғаны жөніндегі талон, сондай-ақ медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу қызметін бастау немесе тоқтату туралы хабарламаның қабылданғаны жөніндегі талон.
2025 жылғы 11–17 қараша аралығында «Теникс-СК» ЖШС өтініші бойынша Департаменттің фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімі Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Жамбыл көшесі 249 мекенжайына барып, рұқсаттық бақылау жүргізді. Нәтижесінде өндірістік базаға лицензияның қосымшасы берілді.
Лицензияны және/немесе оның қосымшасын алу мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, 2-ші Кирпичная көшесі, 6/1 мекенжайында орналасқан Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің облыстық департаментіне, сондай-ақ 70-11-51 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Департаменттің Фармацевтикалық қызмет саласындағы фармацевтикалық инспекторат және мемлекеттік қызметтер бөлімі