Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Айна-Көз» көз орталығы ЖШС өтінімі негізіндедәріхана пунктіне фармацевтикалық қызметке арналған лицензияға қосымша беру шеңберінде рұқсаттық бақылау жүргізді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Айна-Көз» көз орталығы ЖШС өтінімі негізінде Петропавл қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 339В үйінде орналасқан аталған ЖШС дәріхана пунктіне фармацевтикалық қызметке арналған лицензияға қосымша беру шеңберінде рұқсаттық бақылау жүргізді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № КР ДСМ-148/2020 «Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, департамент қызметкерлері дәріхананың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексерді.

Бақылау барысында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау бөлмесі  және қажетті сөрелердің, поддондардың, шкафтардың, сондай-ақ климаттық жабдықтардың (кондиционерлер, ауа температурасы мен салыстырмалы ылғалдылықты тіркеуге арналған құрылғылар) бар-жоғы және олардың жағдайы тексерілді. Қосымша санитариялық-гигиеналық режимді сақтау үшін қажетті инвентарьмен және өзге де қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуі қаралды.