
Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақтелекоммен» бірлесіп Naqty Onim қосымшасында цифрлық сервисті іске қосты, ол пациенттердің мүмкіндіктерін кеңейтеді және өтініштерді жылдам әрі тиімді етеді.
Енді әрбір азамат:
✔️ кез келген тіркелген дәрі-дәрмектің шекті бағасын тексере алады;
✔️ таңбалау бойынша препараттың түпнұсқалығына көз жеткізеді;
✔️ егер баға жоғары болса немесе бұзушылықтар болса, дәріханаға шағым түсіреді;
✔️ өндіруші және жеткізу тізбегі туралы сенімді ақпарат алады.
Бұл фармацевтикалық нарықтағы ашықтық пен адал бәсекелестікке жасалған маңызды қадам. Мақсат - әр пациенттің қорғалуын және әр дәріхананың ережелерге сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.