*Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің департаменті Казақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 251- бабы 2 – тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге жол берілмейтінін хабарлайды.
*Ерекше жағдай ретінде клиникалық зерттеулер жүргізу үшін, ауыр сырқатттарды емдеу үшін, төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін, сондай-ақ жеке тұлғалардың жеке пайдалануына және заңнамада көзделген басқа жағдайларда әкелуге рұқсат етіледі.
*«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 56-бабы 3-тармағының 1), 2), 11-15) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың, мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімнің (тауарлардың), профилактика құралдарының жарнамасына, бұқаралық ақпарат құралдарында рецептімен босатылатын дәрілік заттардың жарнамасына, 11) халыққа арналған жарнамада мынадай ауруларды: жыныстық жолмен берілетін ауруларды, онкологиялық, психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарды (ауруларды), қауіпті инфекциялық ауруларды, АИТВ инфекциясын, туберкулезді, қант диабетін емдеу тәсілдерін көрсетуге, жарнамада дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды және (немесе) тағайындауды көтермелеуі мүмкін ғалымдардың, денсаулық сақтау мамандарының, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ұсынымдарына сілтеме жасауға, көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімді (тауарларды) жарнамада бірегей, барынша қауіпсіз және тиімді ретінде ұсынуға, дәрілік препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі оның табиғи жолмен алынуына байланысты деп сендіруге, ұсынылатын көрсетілетін қызметтің, жарнамаланатын дәрілік препаратпен, тағамға биологиялық белсенді қоспамен емдеудің тиімділігі кепілдендірілген болып табылады, затты қолдану жанама әсерлердің дамуымен ұштаспайды деген болжам туғызуға тыйым салынады.
*Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-288/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын жүзеге асыру қағидаларының 11-тармағына сәйкес, жарнаманы таратушы өтініш беруші құзыретіне денсаулық сақтау технологияларын бағалау кіретін уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы (Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы) жарнаманың Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес келетіні туралы қорытынды берген кезде жарнаманы орналастырады (Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамалық материалдарының ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес екенін растау туралы қорытындылар қоса беріледі).
*ББҚ-лардың, дәрілік заттар айналымы және медициналық көрсетілетін қызметтердің жарнамасына мемлекеттік бақылауды күшейту шеңберінде 2025 жылдың 10 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасында биологиялық белсенді қоспалар, медициналық қызметтер және дәрілік заттардың заңсыз жарнамалық фактілерін анықтау және тоқтату жөніндегі жол картасы» әзірледі.
*Барлық тіркелген және сапасын бағалау рәсімінен өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы ақпарат Қазақстан Республикасының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың Мемлекеттік тізіліміне орналастырған
*Департмаент тіркелмеген дәрілік заттарды өткізу немесе жарнамалау фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 426 – бабы 3 – бөлігінде көзделген әкімшілік шаралар қолданылатынын еске салады.
*Аталған нормаға сәйкес тіркелмеген? Қолдануға рұқсат етілмген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу, қолдану және жарнамалау, егер олар адамның денсаулығына зиян келтірмеген жағдайда, төмендегі айыппұл салынады:
*Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті халықты сақ болуға және Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды сатып алмауға шақырады. Қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы расталмаған заттарды қолдану денсаулық пен өмірге елеулі қатер төндіреді.