Тіркелмеген дәрі-дәрмектерді сатуға тыйым салынады!

Тіркелмеген дәрі-дәрмектерді сатуға тыйым салынады!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (әрі-қарай Департемент) түсіндіреді: Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 233-бабы 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес мынадай қызмет түрлеріне тыйым салынады:

- Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуге;

- белгіленген тәртіппен сәйкестік сертификатымен расталмаған өнімді сатуға;

- денсаулық сақтау саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды өткізуге.

Кез келген дәрілік затты сатып алғанда қаптамасына назар аудару қажет: мемлекеттік тілдегі таңбалау және тіркеу нөмірінің болуы – міндетті талап.

Сонымен қатар, «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларына» (ҚР ДСМ-нің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығы) сәйкес, фармацевтикалық қызмет субъектілері көрнекі әрі қолжетімді жерде мыналарды орналастыруға міндетті: фармацевтикалық қызметке берілген лицензияның көшірмесін қосымшаларымен қоса, не қызметті бастауды немесе тоқтатуды растайтын құжатты (электрондық құжаттың басып шығарылған нұсқасы да жарамды).

Сондай-ақ Департамент атап өтеді: маркетплейстер арқылы сату құқығын алу үшін субъект мыналарды ұсынуы тиіс:

              - сатылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға тіркеу куәлігін;

          - фармацевтикалық қызметке берілген, дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуге рұқсат ететін қосымшасы бар лицензияны (дәрілік заттарға қатысты);

              - медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу қызметін бастағаны туралы хабарламаны қабылдау талонын (медициналық бұйымдарға қатысты).

           Осыған байланысты, облыс тұрғындарына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тек фармацевтикалық қызметке жарамды лицензиясы бар дәріханалардан сатып алуға кеңес беріледі.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді өткізу фактілері анықталған жағдайда, азаматтар дәлелді материалдарды қоса отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне жүгіне алады.