Габит Мүсірепов атындағы ауданда дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесіне арналған семинар

Габит Мүсірепов атындағы ауданда дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесіне арналған семинар

2025 жылғы 26 маусымда Габит Мүсірепов атындағы ауданда, Новоишимское ауылында аудандық емхананың базасында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ-нің «Габит Мүсірепов атындағы аудандық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медицина қызметкерлері мен Габит Мүсірепов атындағы ауданның фармацевтикалық қоғамдастығының қатысуымен дәрілік заттарды таңбалау және қадағалануын қамтамасыз ету жүйесінде таңбаланған дәрілік заттарды айналымнан шығару, сондай-ақ жұмыс барысында туындайтын мәселелер бойынша семинар өткізілді.

Семинар Zoom платформасы арқылы онлайн форматта да көрсетілді. Онлайн байланысқа дәрілік заттарды таңбалау және қадағалануын қамтамасыз ету жүйесінің Бірыңғай операторының өкілі Людмила Горчинская және облыс аумағында орналасқан басқа да дәріхана ұйымдарының өкілдері қосылды. Людмила Горчинская мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) маманы семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Семинар қорытындысы бойынша дәрілік заттарды таңбалау және қадағалануын қамтамасыз ету жүйесінде жұмыс істеу бойынша бар барлық материалдарды Департаменттің ресми интернет-ресурсында және Солтүстік Қазақстан облысының фармацевтикалық қоғамдастығымен құрылған жұмыс топтарында қайта орналастыру туралы шешім қабылданды.

Туындаған сұрақтар бойынша келесі байланыс деректері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:

Байланыс нөмірі: 8 (7152) 50-75-46. Мекенжай: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, 2-ші Кирпичная көшесі, 6/1, 3-қабат.